Украинадағы оқиғалар: Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасалды

0
790

Көрші елдердегі төтенше жағдайлар кезінде ведомство Қазақстанның негізгі нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратыны айтылған.


Украинадағы оқиғалар: Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасалды

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Көрші елдердегі төтенше жағдайлар кезінде ведомство Қазақстанның негізгі нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратыны айтылған. Әңгіме әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бағасының құбылуы туралы болып отыр.

"Агенттік бизнесті дүрлікпеуге және бағалық сөз байласуды белгілеу және қолдау, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ монополиялық жағдайды теріс пайдалану деректері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы бойынша сараланатынын ескертеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұндай құқық бұзу монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополиялық қызмет нәтижесінде алынған кірістің 3 пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 пайыз көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды.