Украинаның халық депутаты гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді

0
396

Кездесуде Қазақстан мен Украина арасындағы одан әрі парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Украинаның халық депутаты гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киевте Украинаның халық депутаты, Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Сергей Нагорнякпен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Украинаның халық депутаты Қазақстанның Үкіметі мен қоғамдық ұйымдар тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Кездесуде Қазақстан мен Украина арасындағы одан әрі парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Олар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.