ҰҚШҰ-ның Беларусь бітімгерлері мінген 10 ұшақ елден кетті

0
527

Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару басталғаны хабарланған болатын.


ҰҚШҰ-ның Беларусь бітімгерлері мінген 10 ұшақ елден кетті

ERNUR.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) белорусь бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ, Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгершілік контингенті де тұрақты пункттеріне Ресейдің Әуе-ғарыш күштері ұшағымен жеткізіледі", - делінген Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгерлері үйіне қайту үшін "Жетіген" және "Алматы" әуеайлақтарында РФ Әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарына техника мен жеке құрамды тиеуге кіріскені айтылды.

Бұл ретте Қырғызстан Республикасының бітімгершілік жасағы стандартты техникамен тұрақты орналасу нүктесіне аттанатыны хабарланған.

Бұған дейін Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару басталғаны хабарланған болатын.