Ұландықтар Арыстағы қызметін аяқтап, Шымкенттегі әскери бөлімдеріне оралды

0
2 269

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік жағдайда қызмет атқарғаны белгілі.


Ұландықтар Арыстағы қызметін аяқтап, Шымкенттегі әскери бөлімдеріне оралды

Ұландықтар бүгін Арыстағы қызметін аяқтап, Шымкент қаласында орналасқан өз әскери бөлімдеріне қайтып оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік жағдайда қызмет атқарғаны белгілі. Оқиға орын алған күні дабылмен көтерілген әскерилер Арыс қаласына сол күні жетіп, қала жұртшылығына шұғыл көмекке келді. Ұландық офицерлер мен сарбаздар құрамы тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың қараусыз қалған заттарын ұрланып, тоналудан күзетті. Осыған орай, өз міндетін мінсіз атқару арқылы өнеге көрсеткен бірқатар офицерлер мен сарбаздар марапатталды.

Атап айтқанда, Абай атындағы мектеп-интернаттың саптық алаңында өткен марапаттау шарасында Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы генерал-майор Андрей Қаскелеңов пен 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Қайрат Үмбетов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың арнайы бұйрығы негізінде тағайындалған "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" кеуде белгісімен және Грамотасымен және әскери бөлім командирінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, бірқатар әскерилерге естелік сый ретінде Ұлттық ұлан логотипімен шығарылған қолсағат табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, ұландық жауынгерлер Арыс қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 8 қырағылық үлгісін көрсетіп, стратегиялық нысандардағы жаоылыс қаупі жоғары оқ-дәрілерді анықтауға, тізімін жасап, жоюға атсалысты.