Үлбі өзенін ластағаны үшін «Казцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды

0
308

​Сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.


Үлбі өзенін ластағаны үшін «Казцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Осы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануына байланысты «Казцинк» ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті атап өткендей, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.

«Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды», - деп жазылған ресми ақпаратта.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Казцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2023 жылдың 20 желтоқсанында Атырау облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін екі ірі жер қойнауын пайдаланушыға 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынғаны белгілі болды.