Ұлттық банк: қыркүйекте инфляция 0,4%-ды құрады

0
359

Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жылдық инфляция 8,9% (2020 жылы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасқан.


Ұлттық банк: қыркүйекте инфляция 0,4%-ды құрады

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қыркүйегінде инфляция 0,4% құрады (2020 жылдың қыркүйегінде – 0,3%), деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жылдық инфляция 8,9% (2020 жылы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасқан.

Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,8%-ға өсті.

Биыл қыркүйекте халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 9,0% болды.