Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады

0
486

Ұлттық банктің болжамы бойынша алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылады және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсететін болады.


Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық Банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық банктің болжамы бойынша алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылады және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсететін болады.
"Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық Банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді. Мұндай интервенциялардың көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты болады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Бұл ретте теңгенің икемді бағамы алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық Банк жүргізілген операциялардың көлемін жариялайды.
26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты бұдан былайғы шектеулі экономикалық шаралар туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT жүйесінен шығару және басқа шектеу шараларын енгізуді көздейді.
Сонымен қоса, S&P Global Ratings рейтинг агенттігі халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін инвестициялық емес рейтинг деңгейіне (BB+) дейін төмендетті.