Ұлттық банк жаңа монеталарға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

0
866

Әзірге 200 теңгелік номиналды банкноттар заңды төлем ретінде пайдаланыла береді.


Ұлттық банк жаңа монеталарға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Ұлттық банк жаңа монеталардың шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әртүрлі номиналдағы жаңа монеталардың шығып, оның жақын арада қолданысқа енгізелетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», - деді Ұлттық банктен.

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде тараған түрлі коллекциялық монеталар әр жылдары шығарылған.

Ұлттық банк мұндай ақпараттарды тарату кезінде оның шынайылығын тексеріп алу керектігін ескертеді. Ресми хабарлама ведомствоның сайтында, әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады.

2020 жылы Ұлттық банк 200 теңгелік монеталарды шығаруды жоспарлап отыр. Төменгі номиналды ақшалардың қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін осындай шешім қабылданған. 200 теңгелік банкноттар алдағы 1-1,5 жылда қолданыстан алынады. Әзірге 200 теңгелік номиналды банкноттар заңды төлем ретінде пайдаланыла береді.