Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады

0
886

"Бекіре" кең көлемді акциясы шеңберінде браконьерлерден балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжанның 4 азаматын ұстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі – "қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" және 392-бабы –"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.