Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады

0
495

Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады

фото: ғаламтордан

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында", - делінген ресми хабарламада.

43 жастағы Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар.