Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

0
1 541

Ұлттық қауіпсіздік комитетін Кәрім Мәсімов басқарады.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Әнуар Садықұлов ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды", - делінген өкімде.

Ұлттық қауіпсіздік комитетін Кәрім Мәсімов басқарады. Бұған дейін Әнуар Садықұлов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды. Оның орнына мемлекеттік күзет қызметіне Қалмұханбет Қасымов келді.

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті. 1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген. 2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған. 2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019).

2019 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.

2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.