Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде қайта құру жоспарлануда

0
978

«Ашық НҚА» порталында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тиісті жарлығының жобасы жарияланды.


Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде қайта құру жоспарлануда

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қайта құру жоспарлануда, деп жазады orda.kz.

«Ашық НҚА» порталында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тиісті жарлығының жобасы жарияланды.

Қайта ұйымдастыру келесі құрылымдарға әсер етеді:

1. Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі бір орталыққа біріктіріледі;

2. Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметінің департаментінен жеке мекеме – ҰҚК Шекара қызметінің «Ақтау» қамтамасыз ету бөлімі бөлінсін;

3. Алматы облысы бойынша шекара қызметі департаментінен жеке мекеме – ҰҚК Шекара қызметінің «Алматы» қамтамасыз ету басқармасы бөлінсін;

4. Шығыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметінің департаментінен жеке мекеме – ҰҚК Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау бөлімі бөлінсін;

5. ҰҚК Авиация департаменті Авиация қызметіне қосылады.

Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде келесі құрылымдар қалады: Авиация қызметі, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және «А» арнайы мақсаттағы қызметі.