Ұлттық қор балаларға: Жасөспірімдер 30 млн 640 мың долларды кәдеге жаратты

0
528

Сонымен қатар ол балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайтындығын айтты.


Ұлттық қор балаларға: Жасөспірімдер 30 млн 640 мың долларды кәдеге жаратты

ERNUR.KZ. «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында 304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты кәдеге жаратты. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп жазады inform.kz.

«Биыл алғашқы қадам жасалып, 6,9 млн бала 100,52 доллардан алды. Өйткені, Ұлттық қордың кірісі 1,3 млрд долларды құрады. Оның жартысы – 695 млн доллар, осы қаражат бөлінді. 2024 жылы 18 жасқа толған не толатын балалар саны – 304 815. 1 наурызда олар 30 млн 640 мың доллар қаражатты алды. Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлем көлемі де ұлғаяды», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сонымен қатар ол балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайтындығын айтты.

«Ең жоғары шегін айта алмаймын, көріпкел емеспін. Дегенмен, оның ұлғая түсетіндігіне үміттенеміз», - деді Мәди Такиев.