Ұлттық қордағы қаржы 27 трлн теңгеге азайған

0
2 148

​Қорға түскен және пайдаланылған қаражат арасындағы айырмашылық – 1,178 трлн теңге.


Ұлттық қордағы қаржы 27 трлн теңгеге азайған

ERNUR.KZ. Ұлттық қордағы қаржы бір айда 27 трлн теңгеге азайды (1,2%), деп жазады inbusiness.kz.

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2021 жылғы қазанда ұлттық қорға түсетін түсімдер 4% өсіп, 2,656 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салық 6,1%, 1,599 трлн теңгеге, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер 5,9%, 6,542 млрд теңгеге, республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер 5,1%, 8,661 млрд теңгеге, ұлттық холдингтер мен мемлекеттік компаниялардың активтерін бәсекелі ортаға беруден түсетін түсімдер 10,620 млрд теңгеге өсіп, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,017 трлн теңге болды.

Сондай-ақ бір айда ұлттық қордағы қаржы 1,2% немесе 27,037 трлн теңгеге азайған, қорға түскен және пайдаланылған қаражат арасындағы айырмашылық – 1,178 трлн теңге. Ұлттық қордағы қаражатты пайдалану қазанда 12,6%, 3,834 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Оның ішінде, кепілдендірілген трансферттерге 9,4%, 2,424 трлн теңге, нысаналы трансферттерге 18,6%, 1,398 трлн теңге және қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығынды жабуға 5,6%, 12,324 млрд теңгеге дейін өсті.