Ұлттық құрама аударыспақтан әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті

0
648

Аталған Әлем чемпионатының бір ерекшелігі спортшылар ат үстінде жайдақ (ер-тоқымсыз) күресті.


Ұлттық құрама аударыспақтан әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында аударыспақтан (ат үстіндегі күрес) Әлем чемпионаты аяқталды, деп жазады inform.kz.

Аталған әлем біріншілігіне Ресей Федерациясынан екі құрама, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Татарстан, Ноғай, Дағыстан, Башқұртстан командалары қатысты.
Ат үстіндегі күрес өнерін спорт ретінде дамытып жатқан елдерден келген 100-ге жуық спортшылардың арасынан Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс олжалады.
Аударыспақтан 6 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын Сырым Ізбасаров, Арман Сағымбаев, Рамазан Ғалелов, Нұржігіт Әмзеев, Шыңғысхан Ержанов, Ермек Құралбай сынды балуандар қорғады.
Сырым Ізбасаров (+100)
Рамазан Ғалел (80)
Шыңғысхан Ержанов (70)
Ермек Құралбай (60)
Арман Сағымбаев (100)
Ұлттық құрама Әлем чемпионаты алдында Ақтөбе қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.
Аталған Әлем чемпионатының бір ерекшелігі спортшылар ат үстінде жайдақ (ер-тоқымсыз) күресті.
Ел намысын абыроймен қорғаған ұлттық құрама мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!