Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы қайда өтетіні белгілі болды

0
586

Мемлекет басшысы бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.


Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы қайда өтетіні белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келісі Ұлттық құрылтайдың отырысы Көкшетауда өтетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

"Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы.