Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты

0
1 793

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан ҚР Ұлттық музейі ғимаратының астыңғы қабаты өртенгені туралы хабарлама түскен


Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Елордадағы Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан ҚР Ұлттық музейі ғимаратының астыңғы қабатындағы аккумулятор батареясының өртенгендігі туралы хабарлама түскен.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 13:05-те қызыл жалын ауыздықталып, 13:08-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шекендер жоқ, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 18 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді Н.Нұрахметов.