Ұлттық ұлан сарбазы өзінің басына оқ атып қайтыс болды

0
612

Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталып жатыр.


Ұлттық ұлан сарбазы өзінің басына оқ атып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ұлттық ұлан сарбазы басына оқ атып қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды», - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.