Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

0
599

Бұл қызметке Ерболат Сұлтанов тағайындалды.


Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының бұйрығымен Ерболат Сұлтанов баспасөз қызметінің басшысы, ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы – ҚР Ұлттық ұланы «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы болып тағайындалды, деп жазады inform.kz

ҚР Ұлттық ұланы мәлім еткендей, Ерболат Мерсайнұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы халықаралық журналистика институтын халықаралық журналист – парсы тілінің аудармашысы мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылы бір ай бойы Иран Ислам Республикасында журналистік қызмет бойынша тағылымдамадан өтті. 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлдызы» газетінде корректор болып жұмыс істеді. Жиырма жылдан астам әскери қызметі кезінде лейтенанттан подполковникке дейін өскен ол Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының тілші-ұйымдастырушы лауазымынан бастап (баспасөз қызметінің) бастығына дейін қызмет етті.

Ал 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы лауазымын атқарды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында подполковник Ерболат Сұлтанов республикалық құқықтық, қоғамдық-саяси «На страже» газетінің «Мен журналист және жазушымын» шығармашылық байқауында екінші дәрежелі диплом иегері атанды.