Ұлттық валюта күні: Теңге 1994 жылдан бері 56 есе құнсызданған

0
1 106

27 жыл бұрын Қазақстанда ұлттық валюта айналымға енгізілді.


Ұлттық валюта күні: Теңге 1994 жылдан бері 56 есе құнсызданған

ERNUR.KZ. Оның алдында екі жыл бұрын ғана тәуелсіздік алған Қазақстан үшін төл теңге – егемендікті бекітіп, дербестікті шегелей түскен мемлекеттік атрибутқа айналған, деп жазады Ulysmedia.kz.

1993 жылы Ресей кеңестік рубль аймағынан шығып кетті. Ал сол жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан да рубль аймағынан босап, 15 қараша күні теңге «дүниеге келді» - теңге ресми түрде айналымға енді.

Айналымда болған алғашқы 9 жылда теңге әртүрлі жылдамдықпен құнсыздана бастады. 2003 жылдың басына дейін теңге бағамы 33 есе – бір доллар үшін 4,69 теңгеден 155 теңгеге дейін арзандады. Сол тұста-ақ доллар тек қымбаттай беретінін, ешқашан арзандамайтынын көріп, халық бар ақшасын америкалық валютада ұстауға дағдылана түскені белгілі.

Тоғыз жылдық тоқырауынан кейін теңгенің «өрлеу дәуірі» басталды. Алты жылдық өсім ұлттық валютаға деген халық сенімін нығайта түскенін атап өту керек. Мұнай бағасының қымбат болуы және банктердің сырттан алған қарызы (қымбат мұнайдың арқасында) елді валютаға толтырып, доллар сәл болса да арзандай бастады. 2008 жылдың қыркүйегінде жаңа мыңжылдақтағы ең төменгі валюта бағамы тіркелді (119,54). Доллар бағамы бойынша ел 1999 жылдың сәуіріне оралды. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді.

Келесі 5 жылда доллар бағамы Ұлттық банк мәлімдеген 150 ± 5 теңге дәлізінде болды. 2011 жылдың ортасына дейін ұлттық валюта нығайып келеді де, 2013 жылдың соңында доллар 154 теңгеге арзандайды. Ал 2014 жылы үшінші девальвация тіркелді. Доллар үшін жаңа дәліз 185 ± 3 көрсеткішімен, теңге 20% әлсірейді.

2014 жылдың аяғында теңге долларға шаққан 182-ге дейін сәл нығайғанымен, 2015 жылдың тамызында 188-ге жетеді. Бірақ қазақстандықтарды бұл ауытқулар алаңдата қоймады. Іргелі факторларды басшылыққа ала отырып, ақшасы барлары доллармен сақтайтын болған. 2014 жылдың аяғында мұнай 57 долларға дейін, ал 2015 жылдың қаңтарында 46 долларға дейін арзандады. Ресей валютасы 2015 жылдың ақпан айында бір доллар үшін 70 рубльге құлдырап, іскер отандастарымыз көршілерден автокөлік пен басқа да арзандаған тауарларды таси бастаған-тын.

2015 жылы 21 тамызда №4 девальвация тіркелді. Елдегі валюта бағамы қазірге дейін еркін өзгермелі деп жарияланған. Тіпті 2015 жылдың 31 желтоқсанын теңге долларға шаққанда 339,47 теңгемен аяқтады. 2015 жылдан бері теңге бағамы доллармен есептегенде 320-429 аралығында болды. 2021 жылдың 15 қарашасы бойынша бір доллардың құны 430,78 теңгені құрап отыр.