Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

0
513

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берген.


Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгін Жаңаарқа кентіндегі үйлердің бірінің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақта өрт болды", - делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адам үйіне жіберілген.
Қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.