Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

0
1 123

Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді.


Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды. Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады», - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе сапарларына жабықтығы себепті «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын.