"Унитаздардың арасы бөлінбеген": Мектептегі жағдай ата-ананың жағасын ұстатты

0
1 068

Атыраудағы мектептердің бірінің әжетханасына кіріп көрген ата-ана жағасын ұстаған. Қалалық әкімдік түсініктеме берді.


ERNUR.KZ. Атыраудың "Балықшы" шағын ауданындағы Ломоносов атындағы орта мектептің әжетханасы ата-ананың ашуын келтірді, деп жазады sputniknews.kz.

Білім ордасындағы унитаздар өзара бөлінбеген.

"Мұнда менің балаларым білім алып жатыр. Жиналысқа келдім. Содан мектептің жағдайын білейін деп едім, осындай жағдайға куә болдым. Унитаз бір-біріне жақын тұр. Олар бөлінбеген. Этиканы айтпағанның өзінде өте ыңғайсыз", - дейді Николай есімді тұрғын.
Қалалық әкімдік бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, биыл мұндай олқылықтар жойылатынын жеткізді.
"Кейбір мектептерде мұндай фактілер бар. Бұл бұрынғы жоба. Яғни ол бойынша тиісті жағдай қарастырылмаған. Биыл олқылықтар жойылады ", - дейді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.
Қазақстандағы әжетхана дауы
Өткен жылдың 18 қарашасында Тараз мектебінің аумағында 7-сынып оқушысын зорлап кетті. Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.
Облыстық білім басқармасының жетекшісі, мектеп директоры мен сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен алынды.
Кейін зорлықшының бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.