Универсиадада қазақстандық шорт-трекшілер екінші рет күміс медаль алды

0
1 658

Жігіттер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада 7:12.409 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.


Универсиадада қазақстандық шорт-трекшілер екінші рет күміс медаль алды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс медальді жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрберген Жұмағазиевтің мәлім еткеніндей, жігіттер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада 7:12.409 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

Оңтүстік Корея құрамасы (7:10.689) жеңімпаз атанса, нидерландылық студенттер (7:12.450) қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасы сапында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко және Санжар Жанисов өнер көрсетті.

Бұл – шорт-тректен Қазақстан құрамасының универсиададағы екінші күміс жүлдесі.

«Осымен универсиадада шорттрекшілер додасы мәресіне жетті. Алда әлем кубогінің бесінші және алтыншы кезеңі бар. Содан кейін әлем чемпионаты өтеді», - деді Н.Жұмағазиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын универсиадада Қазақстан құрамасының шорт-тректен күміс медаль алғанын жазған едік.