Университет оқытушыларына жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

0
1 229

Профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленеді.


Университет оқытушыларына жалақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы елордадағы жоғары білім және ғылым форумында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жалақыға қатысты проблеманың мән-жайынан хабардармын. Жалпы, осы салада еңбекақы лайық деңгейде бағалануы керек. Грейд негізінде жаңа жалақы жүйесін әзірлеу керек. Шкала шегіндегі жалақының өзгеруі маманның құзыретіне, жұмыс нәтижелеріне байланысты болады. Мұндай жүйе өте икемді. Министрлік еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуі қажет, кейін ол әрбір ұйымның ерекшеліктеріне қарай бейімделеді. Яғни осы қадамдар бұл жұмыстың бірінші бөлігінде қамтылған», - деді Т. Дүйсенова.

Осы орайда ол профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесіне қатысты тапсырма жүктеді.

«Егер біз профессорлық-оқытушылық құрамға жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшетін болсақ, онда оның гранттар құнының құрылымындағы әсерін қарау керек. Жаңа жүйе жалақы үлесі құрылымына, сондай-ақ грант құнына да әсер етуі мүмкін. Министрлік жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесе биылғы қарашаға дейін аяқтауы тиіс. Яғни жыл соңына дейін жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа тетігі бойынша шешім қабылдау үшін осы жұмысты аяқтауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысының орынбасары.