«ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ» Республикалық орталығы ашылды

0
338

2024 жылдың 11 сәуірінде UMC Ана мен бала орталығының базасында «Ұрықты қорғау» республикалық орталығының ашылуы өтті, оның шеңберінде жүкті әйелдерге арналған «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.


«ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ» Республикалық орталығы ашылды

Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен UMC ана мен бала орталығында "Ұрықты қорғау" республикалық орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ University Medical Center баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 11 сәуірінде UMC Ана мен бала орталығының базасында «Ұрықты қорғау» республикалық орталығының ашылуы өтті, оның шеңберінде жүкті әйелдерге арналған «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты - болашақ аналардағы жүктіліктің бірінші триместріндегі денсаулық жағдайын дәл диагностикалау. Барлық процедуралар заманауи жабдықта және мүмкіндігінше ыңғайлы жағдайда жүзеге асырылады. Бір күн ішінде клиника мамандары келесі қадамды анықтау үшін генетикалық диагностика жүргізеді. Ұрықта ақаулардың даму қаупі жоғары жүкті әйелдер «Бір күндік клиникадан» өте алады. Жоба МӘМС шеңберінде жұмыс істейді.

Ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты: «Ерте диагностика мәселелері өте маңызды. Біз жүкті әйелдердің бүкіл маршрутын дұрыс құруымыз керек. Біз әйелдерді жоғалтып жатқанымызды мойындауымыз қажет. Сондықтан, бір күндік емхана бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жеті өңірде болады.

Менің ойымша, бұл балалар арасындағы мүгедектіктің төмендеуіне, нәресте өлімінің төмендеуіне үлкен үлес қосады, сондықтан UMC басшылығына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіремін. Өз тарапынан денсаулық сақтау министрлігі барлық 20 өңірде ашуды міндет етіп қойып отыр. Біз өте жақсы бастама көтердік деп есептеймін. Менің ойымша, жыл соңына дейін нәресте өлімін азайту бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Сонымен қатар, біз неонатальды хирургияны дамыту, ұрық хирургиясы мәселелерін көтереміз. Осы орталықтың қолдауына үлкен үміт артамыз. Біздің міндетіміз - осы жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді Министр.

Осы жоба аясындағы алғашқы консультациялар мен диагностика ашылу күні өтті. Болашақ аналар клиника мамандарынан кеңестер алды.