​"Ұрылар қаласы". Алматылық жігіт фильмнен жігер алып, қылмыс жасады

0
1 043

Ұсталған азамат бұған дейін қылмыстық жаукапкершілікке тартылмаған. Ол Алматыдағы ЖОО бірінің 4 курс студенті.


​

ERNUR.KZ. Алматыда белгілі фастфудты тонап кеткен ер адамның ізі суымай ұсталды, деп жазады Zakon.kz .

Бәкі, ойыншық тапанша, медициналық бетперде және қолғаппен қаруланған 26 жастағы күдікті қылмыстық әрекетін жалғыз өзі жасаған. Ұсталған адамның айтуынша, ол мұндай әрекетке америкалық "Ұрылар қаласы" фильмін көрген соң барған көрінеді.

- Жас жігіт күндіз мекемеге кіріп, әжетханаға өткен. Ол онда капюшонын жамылып, бетперде, қолғабын киген, сосын ойыншық тапаншасын алып кассаға барған. Ол мекеме қызметшілеріне тапаншасын тақап, кассадағы ақшаны беруді талап етеді. Қызметшілер оның айтқанын бұлжытпай орындап, қолына 300 мың теңге көлемінде ақшаны ұстата салған. Қаскөй артынша үй аулаларына бой тасалап, жоғарғы киімін шешкен. Сосын киіміне қылмыс құралдарын орап, қоқыс жәшігіне лақтырып, өзі көше бойын жағалап жоғары кетіп қалыпты. Осы сәтте жол-патрульдік полициясының "Буран-110" экипажы аймақты шолып жүрген. Полиция қызметкерлері суреттеме бойынша ұқсас келіп тұрған жас жігітті байқап қалады. Құжаттарды тексеру кезінде-ақ ол істеген ісін мойындады, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚ жол-патрульдік полициясы Полкінің командирі полковник Манап Саттаров.

Ұсталған азамат бұған дейін қылмыстық жаукапкершілікке тартылмаған. Ол Алматыдағы ЖОО бірінің 4 курс студенті болып шықты. Оған қатысты ҚР ҚК 191 - "Тонау" бабы бойынша сот алды тергеу ісі тіркелді.