Үржарда 3 жасар екі бүлдіршіннің денесі арықтан табылды

0
400

Балалардың денесін өздерінің үйлерінен 350 метр жердегі суармалы арықтан табылған.


Үржарда 3 жасар екі бүлдіршіннің денесі арықтан табылды

ERNUR.KZ. Үржарда 3 жасар екі бала оқыс жағдайдан қаза болды, деп жазады altaynews.kz.

Айдың күннің аманында арыққа түсіп жазатайым болған 3 жастағы екі баланың өлімі бүтін бір ауылды аяғынан тік тұрғызды.

Жағдай былай болған: 17 мамыр күні сағат 13.40-та Үржар аудандық полиция бөліміне Елтай ауылында екі бүлдіршіннің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүргізе бастайды. Сондай-ақ, екі баланы жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да іздеуге шығады.

" Іздеу нәтижесінде балалардың денесін өздерінің үйлерінен 350 метр жердегі суармалы арықтан тапты. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.