Үш миллионнан астам қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды

0
522

Тәулік ішінде вакцинаның бірінші компонентін 35 мың адам, екіншісі компонентін 14 мыңға жуық адам алды.


Үш миллионнан астам қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алды

ERNUR.KZ. 27 маусымдағы мәлімет бойынша вакцинаның I компонентін 3 165 155 адам, II компонентін 1 905 062 адам салдырды, деп жазады sputnik.kz.

Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 433,7 мың адам, Түркістан облысында - 344,6 мың, Алматы облысында - 326,3 мың, Қарағанды облысында - 224,7 мың, Шығыс Қазақстан облысында - 239,6 мың, Нұр-Сұлтан - 210,58 мың адам алды.

Бір күн бұрын Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 3 130 000 адам алғаны хабарланды. Бұл ел тұрғындарының 16,1%-і. Вакцинаның екі компонентін 1 891 000 адам – тұрғындардың 9,8%-і алды.

Республикада коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпаннан басталды. Жалпы алғанда, билік осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллион азаматқа вакцина егуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді сәуірде премьер-министр Асқар Мамин.

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-тің 1686 жағдайы анықталды.