Үш жасар егіздерді зорлау оқиғасы – Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері де тексеріліп жатқанын хабарлады

0
692

Қыздар ауруханаға түсіп, медициналық мекемеде жатыр.


Үш жасар егіздерді зорлау оқиғасы – Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері де тексеріліп жатқанын хабарлады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысында үш жасар егіздердің зорлау фактісіне қатысты тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Игорь Лепеханың айтуынша, Ішкі істер министрлігінің полицияға егіздердің зорлануына қатысты сұрақтары бар.

"Мен бұл жағдайдан хабардармын, білемін. Ол жерде екі адам қамауға алынды. Қаншалықты түсініктеме беруге құқығым бар екенін білмеймін. Бүгінгі күні іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Қатысы бар адам қамауға алынды. Қыздардың әжесі де қамауға алынды", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қыздар ауруханаға түсіп, медициналық мекемеде жатыр.

"Менің білуімше, жағдайы жаман емес. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің барып, өзі бақылауына алғанын білемін. Қалғандарына қатысты біздің қызметкерлерге қоятын сұрақтар әлі де бар. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. Кейбір фактілер анықталды. Біз қазір оларды тексеріп жатырмыз. Әзірге бұл жайттарға түсініктеме бергім келмейді", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінген еді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, кішкентай қыздың қынабынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген. Осы кезде оны зорлағаны белгілі болды. Анасы бұл оның екінші қызымен де болғанын мойындады. Бірақ азаматтық некедегі жұбайы, яғни қыздардың өгей әкесінен қорқып, айтпаған. Қыздардың анасы да қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Закиева ол отбасыда егіз қыздардан бөлек тағы бір баланың зорлық көргенін айтқан еді.