Үш жасар қазақстандық бүлдіршін жәрмеңкеде автокөлік ұтып алды – видео

0
948

Нұр-Сұлтан қаласының үш жасар тұрғыны Диана Әлиева рождестволық жәрмеңкенің бас жүлдесі – автокөліктің иесі атанды.


Үш жасар қазақстандық бүлдіршін жәрмеңкеде автокөлік ұтып алды – видео

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Жеңімпаздың анасы Эльвира Әлиева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында қайырымдылық жәрмеңкесінде ойнатылған үш билетті де қызы таңдағанын жеткізді. Солардың бірінен ұтыс шыққан, деп жазады sputniknews.kz.

"Лотереяға ешқашан қатысқан емеспін, әділ ойнатылатынына сенбейтін едім. Осы жолы қайырымдылық жәрмеңкесі болған соң, қатысуға бел будым. Күтпеген жерден жеңімпаз атандық. Бұл билеттерді менің қызым таңдады. Сондықтан автокөлік те оның ұтысы",- дейді астаналық әйел.


Ең ірі ұтыс – көгілдір түсті 2019 жылғы Lada Granta автокөлігі. Оны "Азия Автомен" бірігіп Ресей елшілігі ұсынды.

Сондай-ақ, елордалықтар лотереядан Лондон, Париж, Франкфурт, Рига, Таллин, Токио, Әбу-Даби, Шарджу, Бангкок қалаларына саяхат, Карпаты және Карловы Варыдағы қонақ үйлерде демалыс, тағы басқа көптеген қымбат және эксклюзивті жүлделер ұтып алды.

Биыл рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі он екінші рет өтіп отыр.

Жыл сайынғы іс-шара түрлі қайырымдылық жобалары мен ұйымдарға қаражат жинайды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қатысатын ондаған елшілікке өз елінің мәдениеті мен ұлттық тағамын таныстыруға мүмкіндік береді.