Үш жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорынан ақша алынбайды

0
366

Инвесторлардың қаржысы тариф есебінен қайтарылады.


Үш жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорынан ақша алынбайды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтарын кім қаржыландыратынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, үш ЖЭО-ның құрылысына шетелдік инвестиция тартылады.
"Бұл жоба инвесторлар есебінен қаржыландырылады. Шетелдік компаниялармен тиісті келісімге қол қойылды. Оны Самұрық-Энерго және ресейлік Интер РАО компаниясы жүзеге асырады. Ресей Федерациясының технологиялары қолданылады. Зейнетақы қорының қаражаты пайдаланылмайды. Инвесторлардың қаржысы жұмсалады, ол тариф есебінен қайтарылады", - деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.
Айта кетері, Өскемен, Семей және Көкшетау қалаларында жылу электр орталықтары салынады.