Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

0
484

Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын.


Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі "Kids Go free" бағдарламасы бойынша ұшақпен тегін ұша алатын балалардың саны 2 мыңға дейін артатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын.
"Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды", - дейді министр Асхат Оралов.
Айта кетері, былтырдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік берілді. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал барлық шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.