Утильалым мөлшерлемесі өсе ме? Министрлік жауабы

0
1 388

Жуырда бірқатар қазақстандық БАҚ экология министрі Серікқали Брекешевтің кәдеге жарату төлемінің тарифтерін талқылау жөніндегі онлайн-кездесу барысында айтқан сөздерін келтірді.


Утильалым мөлшерлемесі өсе ме? Министрлік жауабы

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі өкілі БАҚ-та жарияланған кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесі "өсуі мүмкін" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жуырда бірқатар қазақстандық БАҚ экология министрі Серікқали Брекешевтің кәдеге жарату төлемінің тарифтерін талқылау жөніндегі онлайн-кездесу барысында айтқан сөздерін келтірді.

"Бір сәтте, менің ойымша, кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі қолданыстағы тарифтерден де жоғары болуы мүмкін", - деп келтірді БАҚ министрдің сөзін.

Бұл KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басқарма төрағасы Шынболат Байқұловтың сөзіне берілген жауап болды. Ол кәдеге жарату төлемінің тарифтері кейбір жағдайларда төмендетілгенін айтты.

"Осы ақпаратқа қатысты былай деп хабарлаймыз. 31 қаңтарда кәдеге жарату төлемін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының 5-отырысы өтті. Бұл отырыста қаптаманы, электрон әрі электр жабдықтарын, автокөлік компоненттерін қайта өңдеу мөлшерлемесіне қатысты мәселелер қаралды", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Ведомство өкілі қайта өңдеушілер ӨКМ операторынан қалдықтарды тасымалдаушыларға қарағанда аз қаражат алатынына наразылық білдіргенін айтты. Сондай-ақ, талқылау барысында С.Брекешев қайта өңдеушілердің қайта өңдеуді ынталандыру мөлшерін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарауға дайын екенін білдірді.

"Бүгінде қаптаманы кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесінің коэффициенттері төмен әрі ол қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге арналған шығындарды өтемейді. Осылайша, талқылау барысында ҚТҚ (қатты-тұрмыстық қалдықтарды) қайта өңдеу үлесін жақсарту мақсатында қайта өңдеушілерге төлемдерді арттыру мүмкіндігі туралы әңгіме өрбіді. Бұдан бөлек көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы техникаларына, сондай-ақ, кабельді-өткізгіш өнімдерге қатысты кәдеге жарату мөлшерлемелерін арттыру мәселесі мүлдем қарастырылмағанын алға тартамыз", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.