Утилизациялық алым ауыл шаруашылығына орасан зиян келтірді – сенатор

0
711

​Сенаторлар бүкіл ауыл шаруашылығына және фермерлерге утилизациялық алым орасан зиян келтіріп отыр дейді.


Утилизациялық алым ауыл шаруашылығына орасан зиян келтірді – сенатор

ERNUR.KZ. Депутат Мұхтар Жұмағазиев өңірге сапары кезінде осы алым түрінің жоғары мөлшеріне азаматтардың көп шағымданғанын айтып, бүгін үкіметке сауал жолдады, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, жеңіл көліктерге утилизациялық алым 400 мың теңгеден 3,5 млн теңгеге дейін, ал жүк көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасына 14 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл шетелден импортталатын, сондай-ақ өзімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттауына алып келді.

Сондықтан утилизациялық алымының мөлшерін төмендету, импорттық ауыл шаруашылығы техникасынан бұл алымды алмау, жүк көлігі мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін кедендік баждарға уақытша мораторий енгізу қажет деп санайды сенаторлар.

"Утилизациялық алым іс жүзінде ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қосымша салыққа айналды. Техниканы әкелу кезінде фермерге техника құнының 25-30%-ына тең сомада бастапқы жарнаны және кәдеге жарату алымын төлеуге тура келеді. Мәселен, тракторлар бойынша орташа алым мөлшерлемесі 11 млн теңгеге дейін, ал комбайндар бойынша әр данасына 22 млн теңгеге дейін жетеді, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша қаржы жүктемесі болып отыр", - дейді Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.