Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды – Үкімет

0
664

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.


Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды – Үкімет

«Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.

«ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді.