Ұзақ уақыт қашып жүрген: Алматыда 13 жасар қызды зорлаған азамат ұсталды

0
614

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ТМД елдерімен бірлесіп "Іздеу" атты арнайы операция өткізген.


Ұзақ уақыт қашып жүрген: Алматыда 13 жасар қызды зорлаған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Жамбыл облыстық ІІД жедел әрекет ету тобы 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген 37 жастағы азаматты ұстады, деп жазады Stan.kz

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ТМД елдерімен бірлесіп "Іздеу" атты арнайы операция өткізген. Операция аясында республиканың криминалдық полициясының қызметкерлері аса ауыр және ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар жүргізді.

Іс-шара нәтижесінде Қостанай облысының Лисаковск қаласында іздестіру жұмыстары бойынша Алматы облысының қалалық полиция департаменті өзінің бұрынғы әйелін өлтірмек болғаны үшін қаңтар айынан бері іздеуде жүрген 30 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады.