Үздік ғылыми қызметкерге 5,5 млн теңге грант беріледі

0
1 011

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Үздік ғылыми қызметкерге 5,5 млн теңге грант беріледі

ERNUR.KZ. Конкурс ашық дауыс беру жолымен және бюджетте бекітілген сома шегінде ғана жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына бірнеше міндет жүктеледі.

«Біріншісі, ғылыми-техникалық коммерциялық жобалардың сараланған тізімін қалыптастыру және ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу. Одан кейін орындалған коммерциялық жобалар нәтижелерін бағалау және нәтижелілігіне мониторинг жүргізу функцияларды беру ұсынылады. Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми кеңестер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметкерлері туралы ақпарат Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сайтында орналастырылады», – деді депутат.

Сонымен қатар Жәмилә Нұрманбетова Үздік ғылыми қызметкерлерге «Үздік ғылыми қызметкер» атағын беру және 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант беру арқылы оларды материалдық көтермелеу қарастырылып отырғанын жеткізді. Осылайша заң жобасы аясында үздік мамандарға 5,5 млн теңге грант табысталады.

«Ал бұл қаржыны алуға бағытталған гранттық конкурсқа ғылыми-техникалық қызметінің аккредиттелген субъектілері ғана қатысатын болады. Ұлттық ғылыми кеңестердің қаржыландыру туралы шешімдері ашық дауыс беру жолымен және бюджетте бекітілген сома шегінде ғана жүзеге асыру көзделеді», – деді депутат.