Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты

0
552

Кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.


Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты

ERNUR.KZ. Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.

"Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды", - делінген хабарламада. ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

Еске салайық, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.