"Вагнер" қатарына кірген қазақстандық әскери қызметке жарамсыз болған

0
572

Ресейдегі "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының қатарына кірген қазақ студенті Қазақстан әскерінде қызмет етуге жарамсыз болған.


ERNUR.KZ. Бас штаб бастығы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтың сөзінше, бұл азамат ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болған, деп жазады inbusiness.kz.

"Қалған ақпаратқа келетін болсақ, бүгінгі таңда бұл мәселемен тиісті құзырлы органдар айналысып жатыр, аталған азаматтың іс-әрекетіне баға беріледі”, - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін ҚР СІМ өзге елдің әскер құрамында соғысқа қатысқандарға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өткен болатын.