Вакцина паспортын қолдан жасағандарға ең қатаң шаралар қолданылады

0
452

Вакциналау паспортын қолдан жасау деректері Алматы және Алматы облысында тіркелген болатын.


Вакцина паспортын қолдан жасағандарға ең қатаң шаралар қолданылады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакциналау паспортын қолдан жасау мәселесі бойынша ең қатаң шаралар қабылданатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Міндетті вакциналау туралы сіз ұсынған шаралар іс жүзінде вакцина алмағандарды кемсітушілікке әкеп соғады деген пікір бар. Бұған не дейсіз? Бұл вакциналау паспорттары мен ПТР тест нәтижелерін қолдан жасауды арттырады деп есептемейсіз бе?», - деп сұрақ қойды журналист ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Мұндай мәселеден хабардармыз. Бірнеше жағдай Алматы және Алматы облысында тіркелді. Қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сондықтан, вакцина паспорттарын қолдан жасауға тырысатындарға қатысты ең қатаң шаралар қабылданады. Мұны Үкімет пен құқық қорғау органдарының қатаң бақылауындағы маңызды мәселе деп ойлаймын», - деп жауап берді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы отандық вакцина салғызғанын айтқан еді.

Сонымен бірге, отандық «QazVac» вакцинасы ел азаматтарын қамтамасыз еткен соң ғана көрші елдерге жіберіледі.