Вакцинаны толық алған 964 адам коронавирусты қайта жұқтырған

0
426

СOVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдарға ауру жеңіл тиеді.


Вакцинаны толық алған 964 адам коронавирусты қайта жұқтырған

ERNUR.KZ. Коронавирусқа екпені толық алған 964 адам СOVID-19-ды қайта жұқтырды. Бұл туралы Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдарға ауру жеңіл тиеді.

«Біз екпе алғандар арасында ауру жұқтыру дерегін бақылап отырмыз. Коронавиусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 1 325 дерек,... екпені толық алғандар арасында 964 жағдай тіркелді. Екпені толық алғандар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші – 0,04%», - деді басшы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол екпе алғандар арасында ауруханаға жатқызылғандар барын жоққа шығарған жоқ.

«Оларға қосымша аурулары әсер еткен. Бірақ жансақтау бөліміне жатқызылғандар да бар. Бірақ олардың үлесі өте аз», - деді Роза Қожапова.