Вейп сатқандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ереже - Сенат заңды мәжіліске қайтарды

0
521

Парламент Сенатының отырысында депутаттар вейптерді сатуға, таратуға және әкелуге тыйым салу туралы заңға түзетулер енгізіп, оны мәжіліске қайтарды.


Вейп сатқандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ереже - Сенат заңды мәжіліске қайтарды

ERNUR.KZ. Сенат отырысында депутаттар вейптерге толықтай тыйым салатын заңның бөлігін қабылдамай, мәжіліске қайтаруға дауыс берді, деп жазады stan.kz.

Парламент Сенатының отырысында депутаттар вейптерді сатуға, таратуға және әкелуге тыйым салу туралы заңға түзетулер енгізіп, оны мәжіліске қайтарды.

Сенаторлар мынадай өзгерістерді ұсынды:

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен электрондық темекілер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, демеуші болу жауапкершілігін реттейтін нормаларды алып тастау. Себебі шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік енгізіледі;
  • Тауар белгісінің элементтерін және шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің атауын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты арттыратын іс-шараларды, оның ішінде ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салу.

"Заңды бірінші оқылымда біз толығымен талқыладық. Бас комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және осы баптардың жаңа редакциясын мәжіліске қайтаруды ұсынады. Салыстырмалы кестеде үш түзету бар", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.