Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды - Тоқаев

0
550


Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияда болған қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын-ала ақпаратына сүйенсек, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында бірнеше шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, белгісіз адамдар оқ атқан, шабуылға ұшыраған нысандардың бірі – синагога.

Соңғы дерек бойынша теракт салдарынан 4 адам қаза тапты, кемінде 15 адам ауруханаға жеткізілді, ауыр жараланған жеті адамға көмек көрсетілді. Зардап шеккендер арасында полицей де бар.

Құқыққорғау органдары шабуыл жасағандардың бірі өлтірілгенін мәлімдеді, кемінде тағы біреуі іздестіріліп жатыр.