Вирусолог коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын айтты

0
804

Коронавирустың тұмаудан ерекшелігі ол өте жұқпалы, бірақ уақыт өте келе коронавирус әлсірейді.


Вирусолог коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын айтты

ERNUR.KZ. Медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Виктор Зуев коронавирустың екінші толқыны басталғанын қалай білуге болатынын айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Сарапшының айтуынша, SARS-CoV-2 тұмау сияқты болады, тек тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде вирус пайда болады.


"Біз тұмаумен жылына екі рет ауыратынымызды ұмытып кеттік: көктемнің басында және күздің соңында. Күздің соңында коронавирус тұмаумен бірге қайта тарайды. Шілде, тамыз және қыркүйекте бізге коронавирустың екінші толқыны келмейді", - дейді вирусолог.


Оның айтуынша, коронавирустың тұмаудан ерекшелігі ол өте жұқпалы, бірақ уақыт өте келе коронавирус әлсірейді.

Айта кетейік, бүгінде, ДДҰ мәліметінше, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 7,2 миллионнан асты, ал қайтыс болғандардың саны 413 мыңнан асты.