Вирусологтар «Болашақ» бағдарламасымен білім алады

0
447

​Биыл «Болашақ» халықаралық бағдарламасына 1055 стипендия бөлінді.


Вирусологтар «Болашақ» бағдарламасымен білім алады

ERNUR.KZ. 555 стипендия магистранттар мен резиденттерге және докторанттарға, 500 стипендия шетелде тағлымдамадан өтетін ғалымдарға тағайындалады, деп жазады inbusiness.kz.

4 мамырдан бастап «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Бұл шара 28 қазанға дейін жалғасады. Үміткерлерге құжаттарын электронды үкімет порталы арқылы тапсыру мүмкіндігі берілген. Стипендиянттарды іріктеу кешенді тест, тәуелсіз комиссия өкілімен сұхбаттасу және республикалық комиссияның қорытынды шешім қабылдауынан тұрады.

Стипендия маусым, тамыз, қараша айларында тағайындалады. Атап көрсетерлігі, биыл «Болашақ» бағдарламасының тізіміне вирусология, робототехника, биотехнология, биолог сынды жаңа мамандықтар енді.