Вице-министр жұмысқа жаңадан тұрған құтқарушының жалақысын атады

0
240

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбекақысы былтыр 10%-тен 77%-ке дейін көтерілді.


Вице-министр жұмысқа жаңадан тұрған құтқарушының жалақысын атады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов құтқарушылар қанша жалақы алатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Вице-министр өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбекақысы былтыр 10%-тен 77%-ке дейін көтерілгенін атап өтті. Орта есеппен 44 пайызға артқан.
"Еңбек өтілі жоқ, қызметке енді ғана кіріскен құтқарушы кем дегенде 190 мың теңге алады. Егер кезекшілік, дайындық пен тағы басқа үшін берілетін үстемеақыны қоса есептесек, жалақы 250 мың теңгеге дейін барады. Біз қазір жұмысқа жаңадан тұрған қызметкер туралы айтып отырмыз", – деді Сыздықов мәжіліс кулуарында.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында бұрыннан істейтіндерге көбірек жалақы төленеді.