Вице-министр «жынымды келтірмеңізші, блин» сөзі үшін ресми кешірім сұрады

0
1 597

​Бұдан бұрын шенеуніктің тілшіге дөрекі жауап беруі желі қолданушыларының наразылығын тудырып, қызу талқыға түскен еді.


Вице-министр «жынымды келтірмеңізші, блин» сөзі үшін ресми кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына дөрекі жауап бергені үшін кешірім сұрады, деп жазады sputniknews.kz.

"Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын", - деді вице-министр.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі диалог орнатуға және ролик бойынша берілген сауалдарға жауап беру үшін алаң мен спикер ұсынуға әзір екенін атап өтті.