Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды

0
419

Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер болып тағайындалды.


Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды

ERNUR.KZ. Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды. Ол Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп жазады stan.kz.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалсын", – делінген жарлықта.

Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер болып тағайындалды. Оған дейін ол вице-премьердің міндетін атқарушы болды. Кейін министрлер кабинеті басшысының орынбасары, сонымен бірге сауда және интеграция министрі қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.