Волонтерлар арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма?

0
283

Еріктілер қызметі барысында барлық санитарлық нормалар мұқият сақталады.


Волонтерлар арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма?

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Карантин кезеңіндегі волонтерлік қызмет туралы" өткен онлайн брифинг кезінде "Жас Ұлан" БЖҰ төрағасы Динара Сәдуақасова айтты, деп жазады baq.kz.


Жақсылық жасау – жасты, ұлтты, уақытты талғамайды. Біз, "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы болғаннан кейін, көбіне балалармен жұмыс істейміз. Ұйымның жанынан құрылған "Jas Ulan Team" республикалық волонтерлар штабы бар. Негізі заң бойынша еріктілер қатарына 18 жастан бастап қабылдайды, бірақ біздің 13-14 жастағы балаларымыз өте белсенді. Сонымен қатар, 60-70 жастағы апалар да үлкен үлес қосты. Зейнет жасындағы екі психолог апа психологиялық клуб құрып, екі ай бойы тегін кеңес берді. Біздің волонтерларымыз республиканың барлық аймағында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда еріктілердің көмегімен 12 оттегі концентраты сатып алынып, шалғайдағы ауылдарға табысталды, - деді ол.

Динара Сәдуақасова елімізде бүгін басталған республикалық #АнашымМаскаТақтыңызБа атты челлендж турасында айтты.
Өйткені 50-ден асқан адамдардың вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу мақсатында осындай челлендж бастап отырмыз, - деді ол.
Волонтерлар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты сауалға жауап берген ұйым төрағасы олардың инфекцияны нақты қай кезде жұқтырғанын айту қиын екенін жеткізді.

Еріктілер қызметі барысында барлық санитарлық нормалар мұқият сақталды. Бірақ сонда да дос-таныстарымыз арасында коронавирус инфекциясын жұқтырып алған фактілер бар. Бірақ олар инфекцияны ерікті қызметін көрсету кезінде жұқтырды ма, әлде басқа кезде ме, бұл жағын айту қиын. Сол себепті ол адам волонтер болып жүрген кезінде вирус жұқтырды деп айта алмаймыз. Әйтсе де, волонтерлардың шынымен де вирус жұқтырғаны расталған, - деді ол.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет